Торайғыров университетінде Британдық парламенттік және  Линкольн-Дуглас форматында «PRESIDENT» дебат клубы ұйымдастырған облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Аталмыш шараға Ақсу, Екібастұз қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Павлодар және Шарбақты аудандарының 39 командасы қатысты. Ақтық мәреге әр лигадан төрт команда өтіп, бақ сынасты. 

 

Қазақ лигасында БПФ форматы бойынша бірінші орынды «Triple T» командасы, екінші орынды «Liberty», үшінші орынды «Duble А» командасы жеңіп алса, «Жаңа толқын» фракциясы финалист атанды. Линкольн-Дуглас форматында оқ бойы озық шығып, жеңіске жеткен Балтабекова Аяулым болды. «Турнир жұлдызы» аталымына Аяулым Жасқайратова ие болды.

Екібастұз қаласының №36 гимназиясы үздік делегация атанды.

Орыс лигасында бірінші орын «Odd taxi», екіншіорын «Obama Crazy», үшінші орын «Феникс» командасына бұйырды. Ангелина Грищенко турнир жұлдызы атанса, Дильназ Қадырхан үздікспикер болды.

Дебаттық клуб республикалық және облыстық деңгейде пікірталас жарыстарын өткізуді дәстүрге айналдырған. Дебаттық клубтың көшбасшысы Ералы Нұрханның айтуынша, пікірталас - эрудиция, шешендік өнер мен функционалдық сауаттылықты дамытатын нағыз білім беру технологиясы. Ал білім - жеке бас дамуының кепілі.