«ERTIS ARUY» атағы мен тәжін Торайғыров университетінің студенті Данна Тайтуленова жеңіп алды. 

Данна - Май ауданының тумасы. «Журналистика» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сонымен қатар, «Мұрагер» шығармашылық бірлестігінің белсендісі. 

 

Жоба ұйымдастырушысы, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Замира Амангелдіқызының айтуынша, облыстың 100 үміткердің ішінен 16 ару таңдалды. 

- Бұл байқау ұлттық салт-дәстүрлерге сәйкес өтті. Сахнаға шыққан қыздар қысқа, ашық киім киген жоқ. Біз қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауды көздедік. Қатысушылар «Сұрақ-жауап» бөлімінде қазақ дәстүрлері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ел тарихында қалған әйелерге қатысты сұрақтар болды. Бұл - қазақ қызын тәрбиелеудегі мықты құрал. Байқауда қыздарымыздың сұлулығына да баса мән бердік, - дейді қазылар алқасының төрайымы Айзат Байтенова. 

Жүлделі орындарға ие болған төрт қатысушы «Қазақ аруы» және «Мисс Қазақстан» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды. Кезең келесі жылы өтеді.