Қазақ халқы "Көрісу" мерекесін бағзы заманнан бері тойлап келеді. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, арқа-жарқа болады. Игі тілектерін білдіреді. 

Университеттің кампустарында бұл мереке аталып өтілді. Жатақханаларда тұратын студенттер де мерекені кеңінен тойлады. Ректор Еркін Садықовтың айтуынша, осындай кездесулер оқу орны ішінде  ұлттық дәстүрлерді дамытып, оқытушылар мен студенттерді біріктіреді. Қандай да бір маңызды мәселелерді талқылауға болады.

 

Қонақтар студенттерге бақ-береке, жақсылық пен молшылық тіледі. Көрісу мейрамы құтты болсын!