Торайғыров университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ToU - Open to NEW!» республикалық пікірталас турнирі басталды.

Шешендік өнер мен пікірталас бойынша жарысуға 8 аймақтан келген 40 команда жиналды.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Семейдің қатысушылары өз пікірлерін үш тілде жеткізбек.

Қатысушыларды қарсы алған Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов конструктивті әңгіме өрбіту - ХХІ ғасырдың негізгі soft-дағдысы екенін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, дебатшылардың популистік идеяларға бой ұрмайтыны мен пікірталастар сыни ойлауды қалыптастыратынын жеткізді.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Шығыс өңірінің жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Финалдық ойындардың нәтижелері бойынша:

ОРЫС ЛИГАСЫ

ФИНАЛИСТ – «Руби Спаркс» Нұр-Сұлтан қаласы

ҮЗДІК СПИКЕР-Мұхитжан Ролан

1-орын «Oxximiron» Нұр-Сұлтан қаласы

2-орын «Мяулап қалган тянкалард» Нұрсұлтан қаласы

3-орын «Кездейсоқтық кездейсоқ емес» Семей қаласы

Қазақ лигасы

ФИНАЛИСТ – «Цицерон» фракциясы Алматы қаласы

ҮЗДІК СПИКЕР-Еркебұлан Әріпбай

1-орын БП «АЭС салу ақталды деп есептейді» Нұр-Сұлтан қаласы

2-орын «Кереку» Нұр-Сұлтан қаласы

3-орын «Парасат D» Нұр-Сұлтан қаласы

Ағылшын лигасы

Финалист – «Asylzhan and Gala» Karaganda

Үздік спикер-Eric Akmaral

1-орын NU BN NurSultan

2-орын kwak Kokshetau

3-орын сол судья Semey

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«30: OPEN TO NEW» пікірсайыс марафоны басқа өңірлерде жалғасын тауып, Қазақстанның Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында аяқталады.