Торайғыров университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасындағы жоғары білім берудің даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Білім беруді дамыту мәселелерін талқылау үшін отандық жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ Германия, Чехия, Түркиядан келген шетелдік сарапшылар жиналды.
Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов өз баяндамасында жоғары білім беруді жетілдіруге баса назар аударды. Тәуелсіздік алған кезде Қазақстанда 61 жоғары оқу орнының жұмыс істегенін, қазір олардың саны 130-ға жуық екенін атап өтті. Жоғары білімді 3,2 млн кадр дайындалды.
Талқылау секциялық алаңдарда жалғасты, онда конференцияға қатысушылар әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану-ғылыми білім беруді дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлік пен коммерцияландыру саласында тәжірибе алмасты.
Кешенді таныстыру экскурсиясы аясында археологиялық мұражайдың негізгі қорынан археологиялық артефактілер ұсынылды, сондай-ақ "Дос-Мұқасан" ВИА шығармашылығына арналған мұражай экспонаттары қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Коворкинг-орталықта делегацияларға университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелері мен бизнес-жобалары таныстырылды. Олардың қатарында тримарандар мен жеке қорғаныс құралдарын өндіру, VR-қосымшаларды жасау, органикалық косметика мен сұйық сабын шығару, креативті жиһаз құрастыру және т.б. бар.
Күннің екінші жартысында Шығыс өңіріндегі ЖОО ректорлары кеңесінің отырысы өтіп, оның аясында Шәкәрім атындағы университетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім өзара біріктірілген академиялық бағдарламаларды, тағылымдамаларды әзірлеуге арналған. Университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері кітапхана қорына, зертханаларға, оқу, әкімшілік және басқа ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қонақтар Торайғыров университетінде өтіп жатқан «ToU-Open to NEW!» дебаты бойынша республикалық турнирдің жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты кешіне қатысты.