Бүгін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Торайғыров университетінде «Қазақстан мен шетелдердегі өнімді жылқы шаруашылығының жағдайы мен даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны университет ректоры, профессор Еркін Тоқмұхамедұлы Садықов ашты. Өз сөзінде : «Біздің сарапшылар ауыл шаруашылығындағы ең озық және сұранысқа ие бағыттардың дамуына маңызды үлес қосты, жұмыс нәтижелері үлкен практикалық маңызы бар беделді мектеп құрды. Факультеттің тікелей қатысуымен аймақта мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және агрономияның алдыңғы қатарлы салаларында әзірлемелер қолданылуда»- деп атап өтті.
Е.Т. Садықов күнбағыстың жаңа сұрыптарының бейімделуін арттыру, вируссыз картопты, дәрілік өсімдіктерді және т. б. өсірудің инновациялық әдістері бойынша әзірлемелер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта мал басы 6 мыңнан асатын Таулы Алтай түбіт ешкілерін өсіру бойынша республикадағы жалғыз асыл тұқымды ферма құрылды.
ТМД-да баламасы жоқ жоғары сүтті биелер табынын құру бойынша селекциялық жұмыстар жүргізілуде, бұл болашақта жылқы шаруашылығында түбегейлі жаңа сүт-ет түрін жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің түлектері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша мамандар мен кәсіпорын жетекшілерінің орнын басатындығын атап өтті.
Конференция қатысушыларына Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.О.Өтешов құттықтау сөз сөйледі. Ол мал шаруашылығының осы саласының маңыздылығын және оны дамытудағы ғалымдардың рөлін атап өтті.
Конференцияға алыс және жақын шетелдерден (Қытай, Моңғолия, Ресей) жетекші жылқы өсірушілер қатысты.
Қытайдан келген профессор Гимингүл Мұқатайқызы «ҚХР жылқы шаруашылығының жай-күйі мен даму перспективалары», ал Қазақстандық профессор Н.А. Кикебаев "Қазақстандағы жылқы шаруашылығының жай-күйі мен даму перспективалары" тақырыбында сөз сөйледі.