ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күресу мәселесіне назар аударып, қылмыс үшін ведомствоның бірінші жетекшісінің жеке жауапкершілігін тілге тиек етті.

2019 жылдан бері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде емтихан жұмыстарын шифрлеу арқылы бағалаудың жаңа әдістері енгізілді. Тексеріс жұмыстарын сыртқы сарапшылар жүргізеді. Шифрлеу QR-код арқылы жүзеге асырылады, осының арқасында емтихан тексеруші маман кімнің жұмысына баға беретінін білмейді.

Бұл технология ПМУ колледжіне түсу және PhD докторантурасына түсу емтихандары барысында сыналды.

Биылғы жаңа оқу жылынан бастап барлық жазба жұмыстары, оның ішінде рефераттар, эсселер, курстық жобалар, дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялар Turnitin (АҚШ) бағдарламалық қамту арқылы плагиатқа тексеруге енгізіледі.

Туыстас мамандықтар студенттерінің жазба жұмыстарын өзге оқу орындарының оқытушылары тексеріледі. Осылайша, білім деңгейі ашық бағаланады.

Емтихан жұмыстарын аутсорсингке беру бастамасы қоғам мен стейкхолдерлердің университетке деген сенімін арттыруға сеп болады.

Бұл шара университеттің «Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесінің қызметі мен академиялық адалдық Лигасына ену шеңберінде қолға алынды.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-де студенттік өзін өзі басқару көшбасшыларының, студенттік декандарының, сайлауы өтеді. Сайлау ашық дауыс беру арқылы өтеді, яғни, бұзушылықтарға жол берілмейді.

Айта кетейік, бұл лауазым «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің қызметі және студенттік өзін-өзі басқару шеңберінде енгізілді. Жұмыс жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.

Осы қызметке тұратын студенттері басқару, университеттің білім беру және ғылыми қызметіне араласа алады, сонымен қатар, оларға жалақы қарастырылған.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерге қызмет көрсету орталығының мамандары орталықтың порталын әзірлеп, Telegram-бот қолданушысын жасады. Студенттер қызметтерді қашықтықтан ала алады.

Бұл порталдың негізгі міндеті - мемлекеттік қызметтер мен студенттерге қызмет көрсету орталығына қатысты үрдістерді басқару, құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін жою.

Мейрам БЕГЕНТАЕВ

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының м.а.,

экономика ғылымдарының докторы