Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақала алдында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп айтуға болады.
Бұл мақалада тарихқа деген мақтаныш сезімді ұялатып, отаншылдыққа тәрбиелеу туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар Қазақстан тарихы заманауи ғылымның биігінде көрінуі тиіс. Сондай-ақ, мемлекет басшысы мектептер мен барлық өңірлердегі музейлерде тарихи-археологиялық қозғалыстардың құрылуын негізгі мақсатқа қойды
Қазақстан тарихында өткізілген археологиялық жұмыстардың нәтижесінен музей экспозицияларында танысуға болады. Осыған орай Елбасы «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейін» ашу тарихи әрі маңызды міндет деп айтты.
Бұл мақала арқылы Елбасы барлық Қазақстандық тарихшыларға үндеу жасады. Соның ішінде түркітанушылар да ауқымды шараларды орындауы тиіс: археология, этнография, мәдениет пен өнер, фольклор және т.б. Өз мақаласында Президент Қазақстан бүкіл түркі халқынның қасиетті «Қара шаңырағы» екенін, сонымен қатар, қазақтың сайын даласында әлемнің әр түкпіріне тараған тайпалар мен елдер тарихқа елеулі үлес қосуы керек деп қорытынды жасайды.
Қорыта келгенде, қазақы тарихтың шынайылығы түпнұсқасымен бүгінгі ұрпаққа жеткізер амал-тәсілдердің ең тиімді тұстары саралануының қажеттігі туып отыр. Нақтылап айтсақ, әлі күнге дейін сонау алты алаштан бері келе жатқан тарихи оқиғалар мектеп және жоғары орындарында өзінің түпнұсқасын тауып, түркіліктің қазақ ұлтына айналу тұсы тарихи деректермен дәйектеліп келуі аталған Ұлы даланың бесінші қыры «Түркі әлемнің бесігі» толыққанды жүзеге асуына кепілдік береді деп есептейміз.
З. С. ИСКАКОВА Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы