1. ҚР Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша «Формальды емес оқытуды дамытудың және қолжетімді білім беруді қамтамасыз етудің тиімді құралы тұрғысынан жаппай ашық онлайн курстар платформасын әзірлеу әдіснамасы» (2024-2026 жж.) атты ғылыми жоба орындалуда. Ғылыми жоба жетекшісі - п.ғ.к., доцент Оспанова Н.Н. Зерттеу тобының құрамында PhD Токжигитова Н.К., PhD Аканова А.С., аға оқытушылар Байжуманов С.Д., Куанышева Р.С., Каирбаева А.Қ., "Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасының магистранты Куватов А.А., "Computer Science" білім беру бағдарламасының студенттері Балтабай М.А., Кабжекенов А.Р. жоба тақырыбында жұмыс жасауда.
Жоба аясында Цифрлық зертхана – «Интерактивті мультимедиялық бейне студия» жабдықталған (ауд. А-327А).
2. ҚР Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша ЖТН AP14972847 «Деректердегі айқын емес байланыстарды анықтау мен терең талдауды жүзеге асыратын алгоритмі мен компьютерлік бағдарламасын әзірлеу» (2022-2024 жж.) атты ғылыми жоба орындалды. Ғылыми жоба жетекшісі – информатика магистрі, постдокторант (ғылыми дәрежесі жоқ) Алимова Ж.С.
Нәтижесінде, Халықаралық конференцияда 3 (үш) мақала, отандық журналдарда 2 (екі) мақала, ҚР ҒЖБМ ГЖБССҚК ұсынған рецензияланған отандық басылымда 3 (үш) мақала жарияланды; авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама) 2 (екі) куәлігі алынды; жобаны жүзеге асыру барысында екі дипломдық жұмыс дайындалды; Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильден немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналға 1 (бір) мақала жіберілді (MDPI баспасының Symmetry журналы – Q2, процентиль 78).
Жоба аясында алынған құрылғылар: Моноблок Dell, Ноутбук Asus, МФУ HP Color LazerJet Pro .
Тел: 8 (7182) 673646 (ішкі 11-71)
ospanova.n@tou.edu.kz