Диссертацияны қорғау (видео)
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Торайғыров университеті» КЕАҚ «6D020500 – Филология» (орыс) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Новосёлова Елена Александровнаның «Павлодар Ертіс өңірінің орыс әдебиетінің ерекшелігі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.

Қорғау түрі: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация «Торайғыров университеті» КеАҚ «Филология және журналистика» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

Иост Ольга Александровна – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Торайғыров университеті (Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы), мамандығы – 10.01.01 – «Орыс әдебиеті»;

Алексеев Павел Викторович – филология ғылымдарының докторы, профессор, Горно-Алтайск мемлекеттік университеті (Горно-Алтайск қаласы, Ресей Федерациясы), мамандығы – 10.01.01 – «Орыс әдебиеті».

Ресми рецензенттер:

Ананьева Светлана Викторовна филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы), мамандығы – 10.01.02 – «Ресей Федерациясы халықтарының әдебиеті»;

Баянбаева Жадыра Амангельдиевна – филология ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доцент м.а., деканның ғылыми-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан Ремпубликасы, Алматы қаласы), мамандығы – 10.01.01 – «Орыс әдебиеті».

Уақытша кеңес мүшелері:

Нұрғали Қадиша Рүстембекқызы  – филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Астана қаласы), мамандығы – 10.01.02 – «Ресей Федерациясы халықтарының әдебиеті»;

Әбішева Сәуле Жүнісқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы), мамандығы – 10.01.08 – «Әдебиет теориясы»;

Никонова Наталья Егоровна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің роман-герман және классикалық филология кафедрасының меңгерушісі (Томск қаласы, Ресей Федерациясы) мамандығы – 10.01.01 – «Орыс әдебиеті».

Диссертацияны қорғау аралас форматта (online/offline) 2024 жылы «23» сәуірде сағат 14:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚның 8D023–Тілдер және әдебиет бойынша кадрларды даярлау (8D02302 – Қазақ филологиясы, 8D02301 – Филология, 6D020500–Филология (қаз), 6D020500– Филология (орыс) білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, ауд. А-5.

ZOOM платформасына сілтеме: 

https://zoom.us/j/92224661486?pwd=MmVWdEF0UGNLUXptSWlFTTVCQlZNUT09

Конференция идентификаторы: 922 2466 1486.

Кіру коды: 847897.

Сайттың мекен-жайы: https://tou.edu.kz; e-mail: masalim70@mail.ru