Торайғыров университетінде академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

- Ғылым қызметкерлері күні – өмірін жаңа білімдер мен шындықты іздеуге арнаған азаматтарды біріктіретін мереке. Биылғы мереке академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойымен ерекше. Тұлғаның есімі отандық ғылымның шежіресіне алтын әріптермен жазылған. Атақты геолог, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті еліміздің жер қойнауын игеруге зор үлес қосты. Бүгінгі дөңгелек үстел ғылыми-тәжірибелік конференцияларымыз сияқты тәжірибе мен идеялармен бөлісу үшін жемісті алаңға айналды, - деді ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Жайнагүл Хамметова және Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің директоры Марат Нығметов құттықтау сөз сөйледі.

 

Ғылым күні шеңберінде жоғары оқу орны факультеттерінің даму перспективалары туралы баяндамалар жасалып, ғылымға  қосқан үлестері туралы айтылды.

 

Торайғыров университетінің ғалымдары экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдары, Ертіс өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктерден фитопрепараттар өндіру, сонымен қатар, Солтүстік-Шығыс Қазақстан облыстарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен айналысады.

 

Айта кетейік, өткен жылы университет ғалымдары 958 млн теңге көлемінде гранттық қаржыландыруға ие болды. Бұл 2,4 есе артық көрсеткіш. Торайғыров универитетінде барлығы жеті диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының төрт ғылыми журналы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен мақұлданған. Соңғы үш жыл ішінде өнертабыстар бойынша 110 патент тіркелген.

 

Сонымен қатар, ЖОО қызметкерлерін Павлодар облысы әкімдігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, ЖОО-ның "Үздік бейнеролик", "Студенттердің үздік ғылыми жұмысы", "Үздік ғалым" конкурстарының қорытындысы шығарылды.