Торайғыров университеті журналистерінің жобасы  Mediaproduction CAMP "World2you" халықаралық байқауында жеңіске жетті.

 

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының аға оқытушысы Марал Айтмағамбетова, Жур-202 тобының студенттері Анастасия Ерш мен Кира Ступак қазылар алқасынан жоғары баға алды.

 

Топ "Әйелдер не турасында үнсіз қалады" атты еңбегінде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын Орталық Азияның көптеген елдерінде өткір проблема ретінде атап өтті.  Олар нақты тарих мысалында Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қарастырып, ел өңірлері бойынша статистикалық деректерді келтірді.

Марал Айтмағамбетова материал Дата-журналистика курсы аясында жасалғанын атап өтті. Мұғалімнің пікірінше, журналист мамандығы тәжірибеде ғана танылады.

Бірінші курстан бастап материалдар жазу, өткір және өзекті тақырыптарды көтеретін бейнелер түсіру қажет.

Бұл жоба АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын "Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар" бағдарламасы шеңберінде Еуразия Қорының қолдауымен ұйымдастырылды. World2you жобасы - Орталық Азияның шекаралас аудандарының журналистері үшін тәжірибе алмасу бағдарламасы. 

#World2you #USAID #SICA_EXnet