Торайғыров университетінде Павлодар облысының әкімдігі, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен «Pizza pitch» стартап-жобалар байқауы өтті. 

 

«Pizza Pitch» - студенттер мен оқушыларға арналған байқау. International StartUp Academy жобалар конкурсы шағын start-up жобаларды қолдауға бағытталған. 
Жүлде қоры - 100 000 теңге.  
Бірінші орынға Торайғыров университетінің студенті Мөлдір Дәуіттің «International noise bands» (INB) жобасы ие болды. Студент машина жүрген кезде электр энергиясы бөлінетін механизмді ойлап тапты. Бұл гаджет жол апаттарын азайтып, электр энрегиясы тапшылығын жоюға сеп болмақ. 
Екінші деңгейлі дипломға «Road Safety Helper» жобасы ие болды. Назарбаев мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Сәрсенбаевтың жобасы қауіпті жағдайда машинаның жылдамдығын төмендететін чипті іске қосуды көздейді. 
Үшінші орынға №8 лицейдің оқушысы Алияр Садуевтың «Шыбын-шіркейді жоюға арналған модуль-құрылғы» атты жобасы ие болды. Құрылғы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Оңай жиналады. Оны балық шаруашылығында, үй құстарын шыбын-шіркейден қорғау үшін пайдалануға болады.