Торайғыров университетінде Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жетекшісі Арман Жүнісов пен жедел уәкілетті Арман Әбетановтың қатысуымен «Қаржылық пирамидалар және олардан сақтану жолы қандай» тақырыбында дәріс өтті.

​ 

​Шараға жоғары оқу орнының ректоры Еркін Садықов қатысты. Оның айтуынша, халыққа қаржылық сауаттылық туралы жиі айтып отыру керек. Сонда жерлестеріміз қаржылық пирамидалар туралы біліп, аулақ жүреді. Қаржылық сауаттылық туралы ақпарат жастар үшін де пайдалы. 
Арман Жүнісов қаржылық алаяқтық түрлері туралы айтып берді: банктік карталар арқылы, интернет-алаяқтық, мобильді алаяқтық және алаяқтық ұйымдар. Маманның айтуынша, қаржылық сауаттылық бойынша Қазақстан 13,1 баллға ие. Ал жалпы балл саны – 20. 
Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Серік Бастемиев қаржылық пирамидаларға қатысты істерді тергеудегі мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, қаржылық пирамидалардың схемалары туралы айтып берді.