Торайғыров университетінде Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенті Даниил Земченков кең бейінді механизатордың жүргізуші куәлігін, сондай-ақ квадроцикл мен гидроциклді жүргізу құқығын алды. 

 

Рәсімге ToU-дың академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков және Павлодар облысы автомектептер қауымдастығының төрағасы Асқар Қымбатов қатысты.

Сонымен қатар, наурыз айында Торайғыров университеті Павлодар облысының автомектептер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 
Университеттің студенттерге арналған minor бағдарламаларын құру жөніндегі мақсатты жұмысын қолдай отырып, "Агроэкология" инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша Агротехнология кафедрасы қосымша жұмыс бағдарламасын енгізгенін атап өткен жөн.

Болашақта университет осы курстарды университеттің барлық мамандықтары үшін микробіліктілік немесе минор ретінде енгізуді жоспарлап отыр.