Торайғыров университетінің студенттері XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиададан жүлделі орындар иеленді.
Бірінші орынды "Филология: орыс тілі" бағыты бойынша ToU командасы иеленді. Команда құрамы - Татьяна Шевченко, Адия Ахменова және Александра Иващенко.

 

"Күміс" иеленген командалар -  мәдениеттанушылар (Айша Таласова, Сымбат Пернебаева және Нұрбота Айса), агрономдар (Кеңес Ансары, Гүлсая Алпысбаева, Аружан Қасенова), "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" (Бекзат Ибраев, Аида Мұхамединова, Жібек Әлімова), "Орман ресурстары" (Ақмаржан Сапарбекова, Нариман Байкенов, Аршат Мұрат) және "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандықтарының студенттері (Аружан Бораш пен Шапағат Бегс).

Сондай-ақ, "қола" металлургтер командасының есебінде.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!