Торайғыров университетінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап «TRIGGER Орталық Азияда түлектерді еңбекпен қамту мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасау негізінде кәсіпкерлік дағдылар мен нұсқаулар, инновациялық әдістерді енгізу және бастама көтеру» Эразмус+ жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны ЕуроОдақ қаржыландыруда.

 

 

Жобаның үйлестірушісі - Кошице техникалық университеті, Словакия. Консорциумның құрамында төрт еуропалық және 11 Орталық-Азия университеті бар.

Жоба студенттерді оқуды тәмамдағаннан соң жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыру мақсатында кәсіби дағдыларын дамытуға, сонымен қатар, ЖОО және кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған.

Қазіргі уақытта жоба шеңберінде Торайғыров университеті еңбек нарығының өзгеруіне байланысты дайын болу мақсатында аудит пен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруда. Еуропалық сарапшылар әзірлеген HEInnovate инновациялық әдістемесі университетке студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру саласында  мықты және әлсіз тұстарын кешенді бағдарлау мен жұмысқа тұру бойынша қажетті жағдай қалыптастыруды көздейді. Торайғыров университеті түлектері мен жұмыс берушілері, сондай-ақ, профессорлар, әкімші қызметкерлер мен менеджерлер арасында жүргізілген сауалнама студенттер мен оқытушылардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мен кәсіпкерлік ортаны қалыптыстару үшін шаралардың тиімділігін бағалауға бағытталған.

Жоба шеңберінде еуропалық серіктес ЖОО-да келесі салаларда оқыту тренингтері жоспарланған: кәсіпкерлікке оқыту бағдарламаларын әзірлеу, кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру және дамытудың тиімді схеамаларын енгізу, корпоративтік қызметтер және түлектерді жұмыспен қамту, оқу орындарының компаниялармен серіктестік механизмдері.