Павлодар облысының ірі энергетикалық нысандар мен салалық ведомстволардың жетекшілері, ғалым-сарапшылар аймақтың жылу-энергетика саласының даму перспективалары мен жағдайын талқыға салды.
Құрал-жабдықтар мен желілердің тозуы мен жүктеме арқан кезде маневрлі көздердің тапшылығы, электр таратудың жаңа нысандарын салу қажеттілігі - бұл және өзге факторлар жылу және электр энергиясымен сапалы қамтуға кері әсерін тигізеді.
- Жыл сайын энергетикалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың ұзақтығына байланысты технологиялық бұзушылықтар көбейіп келеді. Сондықтан, Еуразиялық Топ фактілі техникалық жағдайды анықтауға көмектесуге әзір. Бұл жылумен кедергісіз және сапалы қамтуға мүмкіндік береді, - дейді Павлодар облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ержан Салханов.
«Павлодарэнерго» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Вадим Лесин өткен жылу кезеңіне сараптама жасап, тариф қалыптастыру мәселесін көтерді.
- Станциялар кәсіпорындарға жақын жерде салынды. Мақсат - электр энергиясын өндіріп, жылу энергиясын тасымалдау. Жылу және электр энергияларын құрамдастырудың ерекшеліктері тариф жасау кезінде есепке алынбайды. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап жаңа Экологиялық кодекс енгізіледі. Еуропалық механизмдер деңгейінде технологиялардың үшінші реттегіші пайда болады, бұл тазалау нысандарын модернизациялау бойынша және «жасыл» технологияларды қолдану бойынша қосымша шығындарға әкеледі. Ал бұл шараларды қаржыландыру механизмдері әзірленбеген.
Павлодар 1-ЖЭО-нің директоры Илья Рыжков кадрлар тапшылығы мәселесін көтерді.
- «Павлодарэнерго» және «Қазақстан Алюминийі» компанияларында бос орындар бар. Жастар колледж немесе университеттен кейін келеді, бірақ, ұзақ мерзімге тұрақтамайды. Бұны төмен жалақымен байланыстырамыз, сонымен қатар, энергияның төмен тарифімен байланыстырамыз, - дейді ол.
KEGOС бірыңғай электрэнергетика жүйесі жүйелі операторының өкілі Юрий Луцюк «Павлодар энерготорабы байланысын күшейту» жобасы туралы айтты. Жобаны жүзеге асыру аймақтың энергожүйесінің сенімділігін арттырады.
Нәтижесінде тараптар «үштік спираль» концепциясы бойынша серіктестікті жалғастыру туралы уағдаласты. Концепция ғылым, бизнес және биліктің мәселелерді тиімді шешу, қоғамды дамыту жолында бірігуін көздейді.