2021 жылдан бері Торайғыров университетінде кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мен еңбекпен қамтуға бағытталған «Эразмус+» жобасы жүзеге асырылуда.

 

Жобаны Еуроодақ қаржыландыруда.  Консорциумның құрамында 4 еуропалық және 11 Орталық-Азия университеті енген.

Қазіргі уақытта Торайғыров университетінің командасы жұмыс берушілер мен түлектер арасында сауалнама, сонымен қатар, еңбек нарығының өзгеруіне байланысты дайындықтың аудиті мен бағалау жүргізуде.

Еуропалық сарапшылар әзірлеген HEInnovate методологиясы студенттерді жұмыспен қамту үшін қажетті дағдыларға баға беруге мүмкіндік береді. Болашақта еуропалық серіктес жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік орта мен потенциалды дамыту бойынша тренингтер ұйымдастыру жопарланған.