Накануне в Казани завершился Международный симпозиум по устойчивой энергетике и машиностроению.

 

Бұрнағы күні Қазан қаласында тұрақты энергетика және машина жасау бойынша халықаралық симпозиум аяқталды.

Қазан мемлекеттік энергетикалық университетінде өткен онлайн форматтағы шараға Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Беларусь, Молдова, сонымен қатар, алыс шет елдері Италия, Болгария, Түркия және Моңғолияның 800 өкілі қатысты.

«Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі Вадим Марковский өз баяндамасында Павлодар облысы энергетикасының дамуы, әлеуметтік және геосаяси қауіп-қатерлер туралы айтып берді.

«Табиғи рента мен шикізаттық траектория есебінен экономиканы тұрғызу  қарапайымдылығымен тартымды. Бірақ, бұл соңғы уақытта инновациялық даму стимулының әлсіреуіне, әлемдік энергетикалық нарықтағы конъюктураға қауіпті тәуелділікке әкеп соқтыруда. Қазақстан соңғы онжылдықта осындай елдердің қатарында

Экономиканы дамытудың шикізаттық моделінен бас тартып, инновациялық дамуға бет бұру жолын таңдау маңызды тапсырма болып табылады», - дейді В. Марковский.

Еске сала кетейік, бұған дейін біздің университет Қазақстанның алты және Ресейдің 11 жоғары оқу орны енетін техникалық білім беру концорцумының мүшесі атанды.

Симпозиум бағдарламасы шеңберінде халықаралық әріптестік және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Нұрлан Ержановтың қатысуымен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Нәтижесінде концорциум мүшелерінің ғылыми-білім беру бойынша даму бағыттары анықталды.