Павлодарлық жас Алар Ақылбеков экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу бағыты бойынша өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында үздік атанды.

 

Алар 2020 жылдың қыркүйек айында әзірлеген мобильді қосымшасын әзірледі. 

Қосымша қазақ тіліндегі қолжазба мәтінін сканерлеп, оны электронды форматқа ауыстырады. Жұмыс нейронды желілерге негізделген. Мобильді қосымша мәтіннің 80-90%-ын таниды. Каллиграфия дұрыс болса, көрсеткіш 100%-ды құрайды.

Жас айтишіге Торайғыров университетінің IT-HUB мамандары көмек көрсетіп, кеңес беріп отырған.

 

«Компьютерлік көру және жасанды нейронды желілер - бұл өзекті IT бағыт. Алардың қосымшасы қолжазба мәтіндерді тану бойынша отандық бағдарламалық өнімдердің дамуына үлесін қосуы мүмкін. Бұл бағыт көптеген мәселелерді шашуге сеп болмақ», - дейді IT-HUB директоры Дария Абыкенова.