Торайғыров университетінің биотехнологтары Жанна Адамжанова мен Нұрсұлтан Кайниденов сирек кездесетін өсімдіктерді зертханада өсіреді.

Ғалымдар иммунитет қалыптастырушы өсімдік қосындыларын өндіруге ниетті.
Нұрсұлтан Кайниденовтың айтуынша, өсімдіктерді табиғи жағдайда жинау әрдайым қолайлы бола бермейді, себебі, зауыттардан шығатын қалдықтардан ауыр металлдар жиналуы мүмкін.


«Кейбір өсімдіктерді аймаққа әкелу тиімді бола бермейді, ал зертханада кез келген дәрілік өсімдікті бейімдеуге болады. Сонымен қатар, қоректік ортасын бақылауға болады».