Университеттің оқу-жаттығу орталығында квадрокоптерлерді басқару курстары ашылады.

Жаңа пәнді ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және туризм факультеттерінде енгізу жоспарланған. Дрондарды басқаруды әскери кафедраның студенттері де меңгереді. Академияның есіктері ұшу аппаратын басқаруды үйренгісі келетін кез келген азамат үшін ашық болмақ. Қызмет – ақылы.

- Қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтар, ұшу аппараттары мен компьютерлің симуляторларды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. ЖОО әуеден түсіру, картографиялау, тепловизионды диагностика, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды дрондардың көмегімен үйрететін мамандары бар компаниямен келісімге келді, - дейді Toraighyrov Media Centre директоры Руслан Билялов.

Ұшу аппараттарын басқару пәнімен қатар конструкторлық бюро қызметі де дамытылады деп күтілуде. Курс тыңдаушылары дрондардыь жинау және сызбалар жасауды үйренеді. Оқу орнының ғылыми қызметкерлері дер үлестерін қосуға ниетті. Олар дрондардың қуатын арттыру мәселесін шешуді көздеуде.

Оқудан соң түлектерге ресми сертификаттар беріліп, олар дрон пилоты біліктілігін алады.

Павлодар-онлайн