С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары облыстың ірі шаруа қожалықтарында ІҚМ-дың эмбриондарын трансплантациялау технологиясын енгізуде.
Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуныша, технология сүт көп беретін сиырлардың эмбриондарын ұрғашы мал-реципиенттерге бірнеше рет трансплантациялауға арналған.
- Суперұрықтандырудың көмегімен бір сиырдан бір жылда 70 эмбрион алуға болады. Олардың өміршеңдігі 50 пайыз болған жағдайда, жылына 35 бұзау алуға болады, - дейді басқарманың бас маманы Айдос Жақұпов.
Рекордшы-сиырлардың эмбриондары суррогат аналарға салынады. Осылайша, өнімді ата-аналардың генетикалық материалын сақтап, мал басын арттыруға болады.
Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, ПМУ ғалымдары «Галицкое» және «Победа ЖШС-де тәжірибе жүргізді. Алғашқысында 35 эмбрионннан 18 бұзау алынды. Екінші тәжірибеле 26 эмбрионның 15-сі өсіп өнді. 38 эмбрионнан голдштино-фриз тұқымының 19 бұзау қалды. Биылғы жылы жобаға «Вильгельм» ШҚ қосылды. Күзде шаруашылықта жеті бұзау дүниеге келмек.
- «Победа» ЖШС-де жыл соңында тағы 20 бұзау туады. Олардың барлығы рекордшы сиырлардың төлдері. Болашақта жылына бес мың литр емес, 8-9 мың литр сүт береді. Шаруашылықта сиырлардың симментал тұқымдары өсіріледі. Мал жылына шамамен алты мың литр сүт береді. Облыс бойынша жылдық көрсеткіш 2700-3000 литр. ЖШС басшысы 2018 жылдың күзінде голдштин тұқымды сиырларды сатып алды. Біздің малдары күніне 20-30 литр сүт берсе, олар 30-50 литр береді. Олардың эмбриондарын алып, жергілікті сиырларға трансплантациялаймыз. Облыста эмбриондардың өміршеңдігі 70 %, ал әлемдік көрсеткіш - 50 %, - дейді ПМУ агротехнологиялық факультеттің деканы Тоқтар Бексейітов.
Еске салсақ, ПМУ студенттері «Нәтижелі инновацияларды ынталандыру» бағдарламасы бойынша Бүкіләлемдік банктің 25 млн. теңге грантын ұтып алды. Жоба үш жылға шақталған. Бұл қаражатқа гормондар, эмбриондарды сақтауға арналған сұйықтық және құрал-жабдықтарды сатып алды.
Қазіргі таңда аймақта трансплантацияны төрт шаруашылық жүзеге асырады. Болашақта өтініштер көбейе түспек.
- Бізге трансплантациялау жасау бойынша өтініштер түседі. Ғылыми топ шаруашылықтың малдарын зерттейді. Кейін сиырлар іріктеліп, суррогат малдарды дайындаймыз. Бұған екі аптадай уақыт кетеді. Транспантациядан кейін 2-3 аптадан соң ректальды тексеру жүргіземіз, - дейді Тоқтар Бексейітов.
Тірі қалған әр эмбрион үшін ғалымдарға 50 мың теңгеден төленеді, ал фермерлер мемлекеттен субсидия алады. Бір туған бұзау үшін – 80 мың теңге.