С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына және Павлодар облысы кәсіподақтар бірлестігінің 70 жылдығына орай «Қазіргі кәсіподақтар: даму жолдары, өзекті мәселелері, жетістіктері мен инновациялары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Қонақтарды С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.к. Петр Быков қарсы алды.
Конференция жұмысына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, з.ғ.д., профессор Бақытжан Әбдірайым, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, пед.ғ.д., профессор Нелли Пфейфер және тағы басқалары қатысты.
Конференцияға Екібастұз және Ақсу қалаларынан қатысушылар онлайн режимде қосылды.
– Біз бүгін заңнамалық бөлікке де қатысамыз, біз өз ұсыныстарымызды, түзетулерімізді енгіздік және Еңбек кодексіне бастамашылық жасадық, бұл еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бөлігіне қатысты. Бүгінгі күні, мысалы, өндірістік кеңестерді құру бұл – міндетті емес норма, бірақ олар еңбекті қорғау циклін, қауіпсіз еңбек жағдайларын толық қамтамасыз ететіндіктен, біз мұны міндетті нормаға айналдыруды ұсынамыз, – деді ҚРКФ әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрайымы Гүлнар Жұмагелдиева.
Кездесу барысында лайықты еңбекті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек құқықтарының халықаралық-құқықтық негіздері, кәсіподақтарды жаңғырту жөніндегі ХЕҰ қағидаттарын ілгерілетудегі кәсіподақтардың рөлі туралы мәселелер қаралды.
Конференция жұмысы үш секцияда жалғасты. Конференция соңында қарар қабылданатын болады.