Үстіміздегі жылдың екінші мамырында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының м.а. Мейрам Бегентаев пен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Орал Ыдырысов өзара түсіністік пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қою шарасы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай саласы үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ортақ жоба шеңберінде ұйымдастырылды.
Кездесуге Павлодар мұнай құбыры басқармасының жетекшісі Алтынбек Қамышбек пен ПМУ колледжінің директоры Анна Есенова қатысты.
«Ақылы кәсіби тәжірибеден өту аса маңызды, себебі, ұрпақтар сабақтастығын сақтау керек. Өндіріс ошақтарының ұжымдарын жас студенттермен толықтыру керек. Жас мамандардың әлеуетін дұрыс қолдану керек. Іріктеу ашық жүргізіледі. Бұл тұрғыда меритократия қағидаты жұмыс істеу керек. Бүгінде біз 12 аймақта қызмет етеміз, 11 ЖОО мен 10 аймақтақ колледжбен келісімге келдік», - дейді Орал Идырысов.
Енді «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша оқитын салалық жоғары оқу орны мен колледждің 400-ден астамы студенті мұнай тасымалы кәсіпорындарында ақылы өндірістік тәжірибеден өте алады. Сонымен қатар, ақылы тәжірибе колледж студенттеріне да арналған. Олар үшін 70 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейінгі көлемде ақы қарастырылған.
Болашақ мамандар өндірістік құрылымдардың базаларында мұнай құбыры көлігінің қызметі, саланың ерекшеліктерімен жақыннан таныса алады. Сонымен қатар, мұнай айдау станциялардың операторлары, мұнайхимия сараптамасының зертханашылары, электромонтер, құбыр таратушы, телекоммуникациялар және автоматты басқару жүйелерінің мамандары, мұнай құбырларына техикалық қызмет көрсету және қолданысқа енгізу жөніндегі мамандардың жұмысын меңгере алады.
Айта кетерлігі, тәжірибе қорытындысында жақсы нәтиже көрсеткен жастар компаниялардағы бос орындарға орналаса алады. Бәсекеге қабілетті инженерлік-техникалық кадрларды даярлау бағдарламасы бес жылға шақталған.