С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде атақты қазақ ғалымы, геолого-минералогиялық ғылымдар докторы, Қазақ КСР ғылым Академиясының тұңғыш президенті, КСРО Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған «ХІХ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференцияғы жас магистранттар, студенттер мен оқушылар қатысты. Шараның қонақтарын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова қарсы алды.
«Әлемге танылған ғалым, ғылыми ізденістің озы үлгісіне айналған тұлға бойындағы ерекше дарындылығы мен даралығының арқасында Қазақстан ғылымың дамуына сүбелі үлесін қосты. Қаныш Сәтбаевтың арқасында елімізде металлогения, геология, геодезия сияқты бағыттар дамыды», - дейді Б. Бақауов.
Г. Ахметова өз сөзінде Қаныш Сәтбаевтың әсеме жеңіс пен табыс символының мысалы екенін тілге тиек етті.
Конференцияға Қазақстанның Ақтөбе, Алматы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Орал, Тараз, сонымен қатар, көршілес жатқан Ресей қалаларынан 1500-ден астам мақала түсті. Ғылыми материалдар бойынша жинақтың 22 томы басып шығарылды.
19 жыл ішінде «Сәтбаев оқуларында» 35 мыңға жуық жас ғалым мен дарынды оқушы қатысты. Олардың қатарында ғылымға бет бұрған Ресей, Белоруссия, Хорватия және өзге елдердің азаматтары болды. 2001 жылдан бері 222 томға жинақталған 19 мыңнан астам мақала жарық көрді. Әр конференцияның күн тәртібінде кәсіби негізделген жауаптарды талап ететін жаңа мәселелер қарастырылды.
Шара барысында Академия призиденті, техника ғылымдарының докторы Нұрлан Рыспановтың қатысуымен тау ғылымдары Ұлттық Академиясының филиалы салтанатты түрде ашылды.
«Ғалымдардың мақсаты - металлургиялық кәсіпорындарға зауыттарды бәсекеге қабілетті болуға және өнімнің өзіндік құнын азайтуға көмктесетін инновациялық тапсырмаларды әзірлеу. Бұған қол жеткізу үшін Ертіс өңірінің барлық ғалымдарын бір арнаға тоғыстырғымыз келеді. Отандық инновацияларды құруға тек ғылым көмектеседі. Біздің ортақ мақсатымыз - ұлттық инновациялық жобаларды жасау», - дейді Н. Рыспанов.