С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстарды қорытындылап, пікір алаңына жиналды.
Бүгінде университетте қазақстандық қоғам мен отансүйгіштікті тәрбиелеу, ұлттық сананы жаңғырту бағытында жобалар жүзеге асырылып, тиісті шаралар ұйымдастырылуда.
«La vie Добро» еріктілер жасағының жұмысына арналған баяндаманы ұйым жетекшісі Карина Закарина жасады. Оның айтуныша, отрядтың басты мақсаты - жастар арасында қайырымдылық қасиеттерді қалыптастыруғ қоғам мен мемлекеттік мәселелерін бірлесіп шешуге шақыру.
Бүгінде тұлғаның рухани және этикалық дамуын қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне жатады. Бұл тұрғыда «Аркаболено» және «Мұрагер» шығармашылық ұйымдардың өкілдері атқарылған жұмыстары мен болашаққа бағдарлаған жоспарлары туралы айтып берді.
«Бірлік» студенттік ассамблеясының жұмысымен Рамиль Смаилов таныстырды:
- Студенттік ассамблея рухани бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын таратуға мән береді, сонымен қатар, құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеуге басымдық береді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен зерттеу де аса маңызды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығын қорытындылай келе Ержан Торайғыров осылай деді:
- Бағдарламаны жүзеге асыру барысында студенттер де бірталай жұмыстың бетін қайырды. Менің ойымша, бұл бағыттағы жан-жақты қызмет жастарды ынталандырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға атсалысуға сеп болмақ. Бүгінгі шарада біз абғдарлама шеңберінде атқарылған жұмыстардың бір парасын ғана паш еттік.