С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Бір ел - бір кітап» жалпыреспубликалық акциясы шеңберінде Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған поэзиялық марафон өтті.
Шараға ғалымдар, тіл мамандары мен қазақ филологиясы кафедрасының студенттері қатысты. Жиналған қауым жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі, оның публицистикалық қызметі туралы әңгіме өрбітті..
Ә. Кекілбаев қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өркен жаюына сүбелі үлес қосты. Оның қаламынан 50-ден астам кітап туған. Жазушы «Плеяды – созвездие надежды» және «Всполохи» шығармалары үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйақысына ие болды.
Тұлғаның шығармашылығы туралы ой өрбіткен азаматтар Әбіш Кекілбаевтың бойындағы асыл қасиеттерге тәнті болды. Айта кетейік, Әбіш Кекілбаевтың шығармалары неміс, ағылшын, болгар, түрік тілдеріне аударылды. «Фольк унд Вельт» неміс кітап баспасы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша оның есімі «ХХ ғасырдың үздік жазушылары» тізіміне енгізілді.
Ә. Кекілбаев Г. Мопассан, Ш. Айтматов, Л. Толстой, И. Буниннің шығармаларын қазақша сөйлеткен.
Еске салсақ, «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы Қазақстанды 13 жыл қатарына ұйымдастырылуда. Мақсат - халқымыздың бай мұрасын сақтау, туған тілге деген сүйіспеншілікті қалыпатстыру және кітап оқу мәдениетін дамыту.
«Акция еліміздің мәдени өміріне жаңашыллық әкеліп, игі дәстүрге айналды. Әр шығарма адамдардың тағдырын паш етеді, тарихи деректер туралы сыр шертеді. Ал оқырмандар үшін бұның бәрі тәрбиелік маңызға ие», - дейді академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана қазақ әдебиеті секторының кітапханашысы Әлия Рүстемова.