«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Павлодар облысындағы күндері» аясында Қордың атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов бастаған делегация С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болды.
Шараға жас ғалымдар мен студенттер, сонымен қатар, Тұңғыш Президент Қорының стипендианттары мен байқау жеңімпаздары және сыйақы лауреаттары қатысты.
Университет ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова 2010 жылдан бері Тұңғыш Президент Қорының байқаулары мен сыйақыларының лауреаттары атанған жастардың қатарында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 32 оқытушысы мен студенті бар екендігін айтып өтті.
«Физика, қаржы, құрылыс, зоотехнология. Жас ғалымдардың қызығушылықтары әр салада байқалады. ПМУ ғалымдары ет және сүт өнімдері өндірісі, Қазақстан Республикасының ақшалай-несиелік саясатының механизмдерінің технологиясын жетілдіруді зерттеді. Сынақ жүзінде желэнергетикалық құрылғысын әзірлеп, деформация кезінде жерасты нысандарының тұрақтылығын зерттеді, сонымен қатар, электронды оқу басылымдарының топтамасын әзірледі. Университеттің ғылыми және білім берудің жоғары әлеуеті жаңа технологиялық дәуірдің бағыттарын қамтуға сеп болады», - дейді Г. Ахметова.
Қордың жұмысы жөнінде әңгімелеген Игорь Рогов түрлі мәдени бағыттарда жастарға қолдау көрсетуге бағытталғанын айтты. Сонымен қатар, жас ғалымдарды Қордың жобаларына қатысып, ғылыми және шығармашылықта бақтарын сынауға шақырды.
«Жастар жылы аясындағы іссапарларымыз Павлодар облысынан басталғаны қуантады. Ертіс өңірі энергетика және экономика салаларында ғана емес, мәдениет, өнер және ғылым салаларында қарқынды дамып келеді. Жас ғалымдардың Қордың ұйымдастыруымен өтетін жобалар мен байқауларға белсенді қатысуы – бұл сөздің дәлелі. Жастардың көбі біздің байқаулардың жеңімпаздары мен стипендианттары атанған», - дейді И. Рогов.
Кездесу шеңберінде жас ғалымдар Кеңесі төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров Қор өткізетін шараларға тоқталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы және латын әліпбиіне көшу бағытындағы жұмыстар туралы Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев айтып берді.
Жиналғандар меймандарға қызықтырған сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды. Шара Қазақстандағы «блокчейн» технологиясына арналған семинар және Қордың баспасөз хатшысы Оксаны Лоскутованың пиар-мамандар мен журналистерге арналған шеберлік сағатына ұласты.
Шара барысында ПМУ-дың жас ғалымдары мен стартапшылары ғылыми жобаларын ұсынды.