Қазақстан Респубилкасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Артур Платонов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс сапарымен болды.
Студенттер және оқытушылық-профессорлық құраммен кездесу барысында депутаттар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарабевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» қызу талқылады. Халық қалаулыларының пайымдауынша, бұл бастамалар ұлттық экономиканың көптеген салаларын дамытып, нақты нәтиже береді.
Жүздесу барысында жоғары білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру, «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, сонымен қатар, жалақысы аз азаматтар үшін салықтық жүктемені азайту мәселелері қарастырылды. Бастамаларды жүзеге асыру мерзімі туралы да сөз қозғалды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитетінің мүшесі Артур Платонов Қазақстанның ролі мен тарихы дамудың өз үлгісін жасауға құқық беретінін тілге титек етті. Ол – жасампаздық пен келісім модельдері. Оның айтуынша, біздің мемлекетте бейбітшілік пен келісімге негізделген дамудың көпжылдық дұрыс стратегиясы жасалған. Бұл – іргетасы мықты стратегия.
«Біз әлемдік қаржылық дағдарыстың салқыны тигеніне қарамастан тоқтаусыз дамып, өндіріс бағдарламасын қысқартпайтын саусақпен санарлық елдердің қатарындамыз. Біз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудамыз, ал «7-20-25» жаңа бағдарламасы халықты тұрғын үймен қамтуға бағытталған. Әлеуметтік әділдік қағидатының маңыздылығы экономикалық мүмкіндіктерден кем емес. Салықтық жүктемені азайту – әлеуметтік әділдік бағытындағы үдеріс. Бұл бастамаларда адамдарды қызықтыратын басты тетіктер экономикалық тұрғыдан негізделген және жобаларды жүзеге асыруға жағдайлар жасалған. Экономикалық және рухани даму – кез келген жағдайға қарамастан дамудың озық үлгісі», - дейді А. Платонов.
Жұмыс саары шеңберінде депутаттар Студенттер үйінде болып, ПМУ студенттерінің стартап-жобаларымен танысты.