Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Панфиловшылар» іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздеп, туған жерге жеткізу мақсатында Мәскеу түбіне аттанды.
чЖасақты тәжірибелі іздестіруші, 1989 жылғы патриоттық экспедицияның қатысушысы, отставкадағы майор Бақытжан Өтепов басқарады.
«Панфиловшылардың» биылғы сапары да былтырғы ұранды ту етті: «Біз панфиловшылар ұрпағымыз – біз миллионбыз».
Биыл «Панфиловшылар» іздестіру жасағы жұмыстарын Мәскеу түбіндегі Можай бағытында жалғастырады. жерлесіміз Мельников Петр Алексеевичтің сүйегін туған жеріне алып келу де жасақ алдындағы міндет. Сондай-ақ, жасақтың өкілдері Калуга қаласында Кіші жүз ханы Арынғазының өміріне қатысты мәліметтері мен мәйітін іздестіру жұмыстарын атқаратын болады.
Салтанатты шараға «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ, Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, «Айбын» қорғаныс күштерінің ардагерлер кеңесінің, Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану облыстық музейінің өкілдері, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар және Ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын Ұлы Отан соғысының ардагері Бекболат Хазыров «Панфиловшылар» іздестіру жасағының командиріне тапсырып, ПМУ-нің кітапхана қорына өзінің «Люди несгибаемой воли» атты кітабын сыйға тартты.
«Қатысушылар саны жағынан Мәскеу түбіндегі шайқас адамзат тарихында өшпестей ізін қалдырды. Жеті миллион адам. Олардың көбісі сонда әлі жатыр. Міне, содан бері үш ұрпақ өсті. Мен жастарға айтқым келеді, елін сүйетін азамат ретінде сіздер біреудің мүрдесін қазып алуға бара жатқан жоқсыздар, сіздер киелі іске бара жатырсыздар», - деді Бекболат Маняпұлы.
Жиылғандар алдында Павлодар облысында іздестіру қозғалысының ұйымдастырушысы Жұмабек Камзин жастарға ағалық ниетін жеткізді: «Бұл іс біздің қанымызға сіңгені жөн. Болашақта да бұл іспен айналысатын боламыз, ешкімнің көкейінде «бізге осы қажет пе?» деген сұрақ болмауы тиіс. Сувровтың айтуынша, «соғыс соңғы жауынгерлерді жерлегенде,ғана бітеді деген екен».
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариевтің мәлімдеуінше, бұл игі істі Отанын сүйіп, тарихына тағзым етіп, өткеннен ғибрат алатын, өз ісіне адал, сөзіне берік жас азаматтардың қолына тапсырды.
– Дәл іздестіру жасақтары Ұлы Отан соғысының тарихын жазуды жалғастырады. Олар өз істерімізбен біз жамандық пен зұлымдық атаулыға қарсы шығамыз. Біз елімізде жас ұрпақ кезіндегі бейбітшілік үшін арпалысқан аталарымыздың ерлігін сезінгенін қалаймыз, – деді Арын Амангелдіұлы.