«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен келіп, ғылыми қауымдастық өкілдерімен және ЖОО профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Құрметті қонақ университет кешенімен танысты. М. Құл-Мұхаммед археологиялық мұражайдың негізгі қорының археологиялық артефакттеріне, сонымен қатар, Ә. Марғұлан атындағы ғылыми орталықтың көп жылғы зерттеу материалдарына қанық болды. Және де, мейман назарына Е. Бекмахановтың ғылыми еңбектерінің жинақтары ұсынылды.
Қонақ Павлодар облысы ғылымының тарихы мен «Дос-мұқасан» ВИА шығармашылығына арналған мұражайлардың экспонаттарына зор қызығушылық танытты.
Бұдан өзге, Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапары барысында жуырда ашылған стартап-академияда болды. Онда студенттер әртүрлі деңгейдегі бизнес-жобалардың дамуына бағытталған ғылым мен кәсіпкерлікті тоғыстуруды мақсат еткен ерекше трендтерді яғни, өздерінің пилотты өнімдерін, бизнес-идеяларын таныстырды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің студенттік ассамблеясының жетекшісі Р. Смаилов айтулы тезис жөнінде облыстың партиялық отырысында баяндап берді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген екінші басымдығының өзектілігі турасында сөз қозғады.
«Екінші басымдықтың өзектілігін бағалау қиын, әсіресе, бизнес-ортаның ұлғаюы – алыстағы болашақ емес, біздің күнделікті өмір. Біздің студенттер кәсіпкерлікпен айналысады, жұмыс орындарын құрып, салық төлеуде. Біздің университет зор ғылыми міндеттерді арқалаған жаңа мақсаттарды талап ететін жаңа заманның шақыруларына жауап қатуда».
Мұхтар Құл-Мұхаммед ғылыми қауымдастық өкілдері алдында сөйлеген сөзінде өзінің кәсіби жолын білім беру жүйесінде бастағанын және ғылыми ортаны өзінің туғаны санайтынын атап өтті: «ХХ ғасырдың аяғында 1999 жылы мен үлкен саясатқа келдім, дегенмен, Ғылым Академиясы және университет жүйесін өзімнің туған үйіме балаймын. Сондықтан да, бүгін мен өз үйіме келдім деп есептеймін».
Сонымен бірге, М. Құл-Мұхаммед Президент Жолдауының маңыздылығына тоқталып өтті: «Жолдауда мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыруының басты бағыты айқындалады. Бір сөзбен айтқанда, дәл осы құжатты барлық мемлекеттік органдар мен атқарушы, сондай-ақ, заң шығарушы билік негізге алады».
М. Құл-Мұхаммед баяндамасында батыстық мәдениетте және саяси дәстүр бойынша бала кезінен бастап әр азаматтың бойына «ұлттың негізін қалаушыларды» құрметтеуді сіңіріп өсіретінін ескеріп өтті. Және ол ұлт негізін қалаушылар қатарына Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевты лайықты түрде қосуға болатынын да айтты.
ПМУ-індегі жұмыс сапарын қорытындылай келе Мұхтар Құл-Мұхаммед кездесуден түйген ойымен бөлісті: «Бұл залда өте дарынды ғалымдар отыр. Осы өңірдің басты ғылым ордасы – Павлодар мемлекеттік университеті екеніне сенімдімін».