С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы РММ «Қоғамдық келісімнің» жоғары оқу орнына сыйға тартқан кітаптар топтамасының тұсауы кесілді.
«Бұл әдебиеттер этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеп жүрген оқытушылар мен студенттерге зор көмегін тигізеді. Ал ғылыми деректерді дипломдық жобалар, магистрлік диссертациялар, ғылыми мақалалар, баяндамалар дайындау барысында қоладанатын боламыз», – деді Нұрлан Телманұлы.
Бұл кітаптар – Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы Отан соғысы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған және басқа да маңызды бірқатар жобалардың нәтижелері.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми әдебиеттерінің біріңғай қоры қалыптасуда, негізгі қорлары кеңеюде, тақырыптық және ақпараттық материалдар саны да артып келеді.
Сондай-ақ, еліміздің әрбір өңірлерінде ғылыми зерттеу жұмыстары белсенді атқарылуда. 2014 жылдан 2015 жылға дейін 18 монографиялар, 10 оқулықтар мен әдістемелік құралдар жарыққа шықты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Мамытова РММ «Қоғамдық келісімнің» сыйға тартқан әдебиеттеріне сараптама жасап, ҚХА-ның жаңа міндеттерін кафедраның келешектегі жұмысымен байланыстырып, таныстырды.
Сонымен қатар, студенттік жастар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық патриотизм мен төзімділіктің қалыптастыруындағы рөлін гуманитарлық-педагогикалық факультет деканы Әмірғали Бегімтаев саралап берді.
Ал өз баяндамасында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны жүзеге асырудың іргетасы ретінде тарихи сананың қалыптасуының өзектілігін Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Зулейха Марданова айтып өтті.
Кездесу соңында «Бірлік» студенттік Ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов көп ұлтты Қазақстанның тарихы және заманауи этносаясат бағыттары бойынша студенттерге білім көзі болатын кітаптар үшін алғысын білдірді.