С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу порталы «Webometrics Ranking of World Universities» халықаралық рейтингісі бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны сайттары арасынан бесінші орынды иеленді.
Webometrics рейтингісіне әлем бойынша 20000, Қазақстан Республикасы бойынша 102 жоғары мектептің оқу порталдары қатысты. www. 2016 жылғы қаңтар айының мәліметтері нәтижесіне сәйкес psu.kz сайты Қазақстанның ЖОО оқу сайттары арасынан үздік бестік қатарынан көрінді.
Webometrics рейтингісі университеттердің веб-сайттарының ақпаратпен толығуы мен танымалдығына баса назар аударады.
«Webometrics» рейтингісі негізгі төрт көрсеткіш бойынша бағаланады.
Presence – ғаламтор кеңістігінде сайттың ұсынылу деңгейі және индекстелген ірі іздеу жүйесіндегі (Google) университеттің веб-парақшасының жалпы санымен өлшенеді.
Impact – аудиторияның парақшадағы мақалалардың мазмұнына қызуғышлық танытуының көрінісі. Бұл бағыт бойынша университеттің веб-парақшасына жасалған сыртқы сілтемелер саны есепке алынады.
Openness – университеттің ғаламтор-ресурстарында жария болған «құнды» файлдар санының өлшемі. Бұл бағыт университет сайтында жарияланған (pdf, doc, docx, ppt) толық мәтінді файлдарды бағалайды.
Excellence көрсеткіші бойынша ғылыми бағыттағы 10 пайыздай жиі сілтеме жасалған университеттің ғылыми мақалалар санымен өлшенеді.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ақпарт және ақпараттандыру бөлімі сайтты сапалы материалдармен толтыруды, жарияланған ресурсты іздеу жүйесінде индекстеу, университетті электрондық БАҚ-қа ұсыну, сілтемелерді айырбас жасаумен айналысады.
Ал ғылыми кітапхана қордағы баспа басылымдарын сандық жүйеге енгізу, толық мәтінді басылымдарды электрондық каталогтарға қалыптастыруды қолға алған.
Бұдан өзге, университеттің ғалымдары жоғары Impact-факторы бар ғылыми маңызды жұмыстарды жариялап отырады.
Жалпы оқу орданың ұжымы ғаламторда, әлеуметтік желілерде университет сайтын кең насихаттауды қолға алған. Бұл жұмыстардың барлығы да нәтижелі болғанын бүгінгі көрсеткіш айғақтап отыр.
С. Торайғыров атындағы ПМУ университетті басқаруды ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ольга Науманның айтуынша, айтулы рейтингте еліміздің ұлттық жоғары оқу орындарынан кейінгі бірінші мемлекеттік оқу орда ретіндегі жеңіс – жалпы университет ұжымының тиянақты жұмысының нәтижесі мен жаһандық ғылым-білім кеңістігіндегі профессорлық-оқытушылар құрамының жеткен жетістігі.
«Аталмыш рейтингтің мақсаты – университеттің оқу порталы жұмысын кешенді бағалау. Webometrics рейтингісі ұсынатын мәліметтер оқу орнының білім сапасы мен академиялық мәртебесін бейнелейді. Бұл рейтингтен сайттың көреткіші неғұрлым жоғары болса, университеттің академиялық мәртебесі соғұрлым биік екенін көрсетеді», – деп мәлімдеді Ольга Александровна.