С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жастар арасындағы рухани-адамгершілік құндылықтары» тақырыбына арқау болған дөңгелек үстел өтті.
Бұл кездесу студенттік жастардың дінтану білімі деңгейін арттыруды, Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы (КҚТДО), басқа да рухани даму әрі конфессияаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын мекемелермен С. Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздеді.
Дөңгелек үстелдің модераторылық қызметті С. Торайғыров атындағы ПМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Сәуле Мамытова атқарды.
Дөңгелек үстел жұмысына С. Торайғыров атындағы ПМУ ҚХА кафедрасының, КҚТДО қызметкерлері, қоғамдық, діни бірлестіктердің өкілдері, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Кездесу барысында Сәуле Мамытова жиылғандар назарына «Студенттер арасындағы конфессияаралық және этникааралық келісім» тақырыбында зерттеулері мен сауалнамасын ұсынды. Дөңгелек үстел барысында Павлодар облысы Прокуратурасының І басқармасы бөлімінің басшысы Серік Алиев экстримизм мен терроризммен күрес жұмыстары жөнінде баяндап берді.
КҚТДО орталығының басшысы, т,ғ.к., доцент Гүлназ Рыздықова өз сөзінде жастарды өзге конфессия өкілдерінің сеніміне құрметпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, әр ұлт өкілінің дәстүріне, сеніміне құрмет көрсету арқылы азаматтар ұлттар арасындағы достықты берік етіп, еліміздің бейбіт де жасампаз болуына жол салады.
Павлодар қаласындағы «Ақ мешіт» имамы, С. Торайғыров атындағы ПМУ ҚХА кафедрасының теолог маманы Жолдас Бертымұратов мұсылман халықтарының құндылықтары туралы әңгімелеп, исламды жамылып өз зұлым әркетттерін іске асыратын жаман пиғылды топтар туралы нақтырақ мағлұматтар берді. Бұдан өзге, маман әрбір азамат радикалды бағыттарды ұстанатын адамдарды таза жолда жүрген жандардан айыра білу керектігін түсіндірді.
Сәуле Мамытова өз баяндамасында конфессияаралық және этникааралық келісім Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі екеніне баса назар аударды.
– Дөңгелек үстел жұмысы барысында студенттер қонақтар мен теолог мамандардан ұлтаралық келісім, діни сенім, радикалды діни бағыттар сынды тақырыптар бойынша сауалдарына толыққанды жауап алды. Ал кездесу соңында жастар діни білімін арттырып, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы көп ақпарат алды, – деді Сәуле Нәсенқызы.