Патриотизм, гуманизм және халық ағартушылардың толеранттылық идеялары арқылы студенттік жастарда патриоттық сезімді тәрбиелеу және этноконфессиялық толеранттылықты нығайту «Білім+» жобасының бір бағыты болып табылады.
Осыған орай, 2014 жылдың 22 сәуірінде «Білім+» жобасы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының оқу залында Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин сияқты халық ағартушыларының шығармаларындағы патриотизм, гуманизм және толеранттылық идеяларына арналған әдебиеттік кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: ұлы адамдардың өмірі және шығармашылықтары туралы білімді тереңдету, жастарда патриоттық, әділеттік сезімді тәрбиелеу, ұлттық каһармандары үшін мақтаныш пен құрмет сезімін, толеранттылықты, азаматтық позицияны қалыптастыру.
Ұйымдастырушы: С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана.
Патриотизм, гуманизм және толеранттылық идеялары өз бейнесін қазіргі мәдениетте және әдебиетте ғана таппайды, олардың басы халықтың ауыз шығармашылығының тереңдігінен келе жатыр, каһарман-батырлар, махаббат пен өшпенділік, жақсылық пен жамандық туралы қаншама поэмалар жазылды. Осы тақырып ұлы ақындар, халыққа әйгілі ағартушылар Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Шоқан Уалихановтың, Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында өз бейнелерін табады. Олардың шығармалары өмір мен өнерді тануда жарық бет болды және халықтың мәдениетінің алдағы дамуына және баюына мүмкіндік берді. Басқа ғасырда өмір сүргендеріне қарамастан, олардың ұлы ойлары, гуманисттік және патриоттық идеялары, қазақ халқының өмірін терең және жан-жақты зерттегендері біздің қазіргі сұрақтарымызға жауап береді. Сондықтан, кейінгі ұрпақтар олардың туындыларына жаңадан қарап, олардан өздеріне жаңа құндылықтарды ашады.
Әдебиеттік кеште Абайды толқытқан ««Адам бол! - Будь человеком!», Шәкәрімді толқытқан «Адам немене? - Кто такой человек?» сұрақтары студенттермен көтеріледі. Адам ой мен сұлулық заңы бойынша өмір сүру керек, ал ол үшін оған ғылымды түсіну қажет, қажырлықпен еңбектену керек және өзін рухани арттыру тиіс. Еңбекқорлық, білімге деген құштарлық және талапты ақыл, өзіннің адамгершілік абыройын түсіну, өз ой-пікірін білдіруге батылдығы бар, әділетсіздікпен қүресуді және жамандыққа қарсы тұруды білу, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру –Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсарин және Шоқан Уалиханов Қазақстан мен Ресей сияқты, екі үлкен еуразиялық мемлекеттердің одақ рәмізі болған ерекшеліктерді өз халқында көргілері келген.
Іс-шара ғылыми әдебиеттермен қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Амановамен, бөлімнің қызметкерлері Гүлнар Мусинамен, Елена Лихановамен, Алия Рүстемовамен, Журсиля Әбілдиновамен, Гүлнар Құдайбергеновамен, гуманитарлық-педагогикалық және энергетика факультетінің студенттері Ақерке Имашханмен, Сәулегүл Хошорбаймен, Асылжан Болатқызымен, Бексұлтан Қабышевпен және Айдана Пазыловамен бірге дайындалып өткізілді.