2014 жылдың 7 сәуірінде С.Торайғыров ат. ПМУ-да «Білім+» жобасы бойынша «Қазіргі психологиялық өңдеудің әдістері және сана-сезімге бүлдіргіш табынушылықпен қолданбалы әсер тәсілі» тақырыбын арқау еткен Диалогтық алаң өтті.
Ұйымдастырушы – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Психология және педагогика» кафедрасы.
Диалогтық алаңның модераторлары: п.ғ.к., Психология және педагогика кафедрасының доценті Ирина Коровайко, Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3-ші курс студенті Әбу Сағындықов.
Диалогтық алаңның спикерлері ретінде п.ғ.к., Павлодар облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» Діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы Наталья Фесенко, психология магистрі, «Адал» жастар қоғамдық бірлестігінің психологы Юлия Штукерт, Психология және педагогика кафедрасының магистранты Жанна Матенова сөз сөйледі.
Диалог барысында жетекші мамандармен Н.Ф. Фесенко, Ю.В. Штукертпен деструктивті культтардың психологиялық өңдеуі мен санаға ықпал ету тәсілдерін пайдаланылатын заманауи әдістері сипатталды, экстремисттік мекемелер мен деструктивті культтарға жастардың еніп кетуін алдын алу сұрақтары талқыға салынды. Және олар диалог аясында студенттермен қойылған сұрақтарға жауап берді.
Магистрант Ж. Матенова, студент А. Сағандықов өз баяндамаларында түрлі қалыптар мен әдістерді қолданып деструктивтік табунышылыққа қарсы әрекеттің қажет екендігі туралы екпін жасады.
Шара барысында, қатысушылармен деструктивті табынушылық пен экстремистік ұйымдарға жастардың енуіне жол бермеу бойынша алдын алу және ескерту жұмыстарының мәселесі талқыланды.