С.Торайғыров ат. ПМУ-дың С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында майдангер-жазушы, «лейтенанттық прозаның» негізін қалаушы, публицист әрі қоғам қайраткері Юрий Бондаревтың шығармашылығы мен өміріне арналған әдебиеттік конференция өтті.
Кеш мақсаты жастарды Ұлы Отан соғысы туралы біртуар туындыларды зерттеуге, тарихи естеліктерді жадында сақтауға және Отанын қорғау сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге шақырады.
Аталмыш шараға С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері Назар Оспанов, Алма Сағалбаева, Расул Килаш, Рустам Нығматулин, Татьяна Дорошенко қатысты.
Ю. Бондарев адамгершілік, отансүйгіштік сынды асыл қасиеттерді әрі соғыс тақырыбын аса шебер ашқан жазушы ретінде орыс әдебиетінен орын алған дарын иесі деп бағалауға болады. Оның шығармалары ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы отандық тарихи кезеңге арналған. Ал еңбектері тарихи дәлдікпен ерекшеленеді. Оның туындыларының өзектілігі әсіресе, бүгінгі күні артып келеді.
Шара бағдарламасы аясында киношежіре кадрлары және Юрий Бондарев Васильийұлының шығармашылығы бойынша түсірілген көркем фильмдердің үзінділері көрсетілді. Ал, студенттер жазушы шығармаларының желісімен әдебиеттік-көркем композициялар мен танымал әндерді орындады.
Павлодар мемлекеттік университетінің Академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының қызметкері Елена Лиханова өз сөзінде: «Кезінде Юрий Бондаревтай интеллигенттің шынайы болмысы жайында Василий Шукшин: «тынымсыз намыс, ақыл, ... «Не ақиқат?» деген жауыз сауал үшін өз-өзімен ащы арпалысу», - деп суреттеген екен», - деп жазушының адамдық болмысына тоқталады.
Шара барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Наталья Мошна шарадан кейінгі өз түйгенімен көпшілікпен бөліседі. Ол өзінің Ұлы Отан соғысында жаумен айқасқан ағасының жау алаңындағы батырлығы мен қазасы турасындағы тағылымды да мағыналы әңгімесімен жастарды жігерлендірді. Әсіресе, баяндамашының майданнан келген хаттары жиылғандарын қызығушылығын артта түсті.