2013 жылдың 26 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті жанындағы ғылыми жабдығын коллективтік қолдану орталығының жоғары дәрежелі мамандарымен кездесу өтті.
Кездесуге Сорбциондық және каталитикалық зерттеулерді коллективтік қолдану орталықтың директоры, х.ғ.к., Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті Физикалық және коллоидтық химия кафедрасының доценті Олег Магаев, Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті Каталитикалық зерттеулер лабораториясының аға ғылыми қызметкері Наталья Косова қатысқан.
Кездесудің мақсаты – диметилдық эфирдың экологиялық таза моторлы жанармайын болашақта айырып алу тәсілдерін талқылау.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры, б.ғ.д. Нұрлан Ержанов бұл кездесу Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетімен химиялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі деп мәлімдеді.
Кездесу барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ірі ғалымдары, соның ішінде х.ғ.д., профессор Марат Сүлейменов, «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессоры, х.ғ.к. Федор Парамонов, «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті, х.ғ.к. Римма Несмеянова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Мария Баймұхамбетова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Светлана Ковтарева өз зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Сонымен қатар, кездесуге «Павлодар» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Борис Шаров қатысты.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың бітірушілерін Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің магистратурасы және аспирантурасына қабылдауы және ПМУ оқытушыларының Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті жанындағы ғылыми жабдығын коллективтік қолдану орталығының біліктілікті арттыру курстарын өтуі кездесудің маңызды мәселелері болып табылды.