2013 жылдың 11 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар қаласының Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Сұлтан Ахметов пен «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатындағы Полиция көмекшілері жөніндегі үйлестірушісі Дастан Қозыбақов университеттің белсенді студентерімен кездесті.
Кездесу мақсаты: құқық бұзушылықтан сақтандырудың өзекті мәселелерін шешу, студент жастардың полициямен бірлесе жұмыс жасауы, яғни университет негізінде ерікті жасақ ұйымдастыруымен қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал ету.
Аталмыш іс-шараны ашқан Дастан Қозыбақов 2004 жылғы 9 шілдеде қабылданған «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы» туралы Қазақстан Республикасының Заңы төңірегінде сөз етті. Аталмыш Заң Ішкі істер органдарына халықтың ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
Сұлтан Ахметовтың айтуы бойынша, ерікті жасақшылардың қоғамдық тәртіпті қорғаудағы негізгі міндеттері: көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, тұрғын үй аулаларында, сондай-ақ, мәдени-көпшілік және спорттық шараларды өткізу кезінде ішкі істер қызметкерлерімен бірге кезекшілікті атқару; ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге маскүнемдіктің, нашақорлықтың, токсикоманияның, балалардың бақылаусыздығының және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына қатысу.
Сұлтан Сансызбайұлы азаматтық қоғамның құқықтық қорғау органдарымен ынтымақтасуы – құқық бұзушылықтан сақтандырудың басты бағыты деп көрсетті. Сол себепті кездесу соңында қатысушылар студент жастары арасынан да қоғамдық тәртіпті сақтауды мақсат ететін ерікті халық жасағы құрылсын деген шешімге келді.
Студенты ПГУ проявили интерес к данной общественной деятельности, задавали гостям вопросы, в частности, о прохождении соответствующих курсов обучения, об удостоверении общественных помощников и т.д. По окончании встречи было принято решение организовать ДНД при вузе из рядов студенческого актива.