2013 жылдың 21 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Химиялық технологиялар мен жаратылыстану факультетінің студенттеріне Томск мемлекеттік университетінің Химия факультетінің ғылыми қызметкері А.Князев «Химия саласына инновациялық жобаларды енгізу тәжірибесі» атты тақырыбын өзек еткен дәріс оқыды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Ф.Парамонов өз сөзінде: «Жоғары мектептер арасындағы ынтымақтастық, іскерлік байланыс С.Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылары мен студенттеріне ғылыми-практикалық онлайн жүйесіндегі конференцияға қатысуға мүмкіндік берді». Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің және Томск мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері қатысты.
Шараның соңында ПМУ студенттері «Химия саласында инновациялық жобаларды енгізу тәжірибесі» атты онлайн дәріс тыңдады. Дәріскер – Томск мемлекеттік университетінің Химия факультетінің ғылыми қызметкері, Томск облыстық губернаторының ғылым-білім комплексі және инновациялық саясат бойынша орынбасары Алексей Князев.
А.Князевтың бастамасымен іске асқан инновациялық жобалар 20 аса марапаттарға ие болып, РФ Президентінің жас ғалымдарға арналған сыйлығының игері, (2009) ХІ Москвада өткен инновация мен инвестициялар халықаралық салонының Гран-приін ұтып алды (2009). А.Князевтың басқарумен жұмыс жасап келе жатқан ұжым инновациялық компанияларға лецензиялық келісімдер бойынша бірнеше патент жіберілді.
Аталмыш іс–шараға тыңдарман ретінде қатысқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасы меңгерушісі, х.ғ.к., доцент Күлшат Жапарғазинова оқылған дәріс ПМУ–дың оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылық тудырып, білім байлығына зор үлес қосқанын мәлімдеді.