С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Халықтар достастығы Ресей университеті (Мәскеу қаласы) арасындағы жасалған «Қос диплом» жобасы шеңберінде «Аударма ісі» мамандығы бойынша дипломдық жұмыстарын қорғау.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының жасалған белсенді жұмысының нәтижесі ретінде 2010 жылдың 9 шілдеде С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Халықтар достастығы Ресей университеті (Мәскеу қаласы) арасындағы жасалған «Қос диплом» жобасы шеңберінде «Аударма ісі» мамандығы бойынша дипломдық жұмыстарын қорғау және тапсыру бірегей оқиғасы ПМУ қабырғасында өткізілді.
Бұл жобасында университетіміздің төрт студенты қатысты: Мадина Каюпова, Руфина Торпищева, Ирина Пчельникова және де Гүлсум Асылханова.
Дипломдық жұмыстарын қорғау үшін Халықтар достастығы Ресей университетінен арнайы қонақтар шақарылды: Н.Ф. Михеева – п.ғ.д., ФПК ПИЯ деканы, МАН ВШ РФ міндетті мүшесі, профессор, емтихан комиссиясының төрағасы, Ю.Н. Эбзеева – ф.ғ.к., ФПК ПИЯ РУДН деканның меңгерушісі, доцент, емтихан комиссиясының мүшесі.
Сонымен қатар Г.З. Молдахметова – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры және К.К. Каримова – ф.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ теория және практика кафедраның доценты, емтихан комиссияның мүшесі болды. Диплом жұмыстарын қорғауға студенттердің ғылыми жетекшілері және университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрам тындаушылар ретінде қатысты.
Студенттер диплом жұмыстарын қорғауға белсенді түрде дайындалды. Емтихан комиссия мүшелерінің айтуынша диплом жұмыстарының тақарыптары өзекті және қызықты болды. Әсіресе, Асылханова Гүлсумның диплом жұмысы көзге түсті.
«Қос диплом» жобасы шеңберінде студенттерге берілген дипломдар Қазақстан Республикасында ғана емес сонымен қатар Ресей Федерациясында да өздерінің кәсіптік дағдыларын жузеге асыруға мүмкіндік береді.
Осы мерекелік шараны бұқаралық ақпараттық құралдары жарыққа түсірді, жергілікті теледидар және газет журналистер шақырылды.
Емтихан комиссиясының төрағасы Н.Ф. Михеева С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Халықтар достастығы Ресей университеті арсындағы жемісті және жақын ынтымақтастықтың әрі қарай жалғастыруына үмітін білдірді.