Конференция барысындаакадемик Қаныш Сәтпаевтың қазақ, араб, ағылшын, француз, испан, қытай және орыс тілдерінде жарық көрген 10 томдық ғылыми еңбектері мен «Қысқаша биографиялықочеркі» таныстырылды.

- Бүгін Торайғыров университетінің қабырғасында ерекшемаңызды оқиғаның куәсі болмақшымыз — академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбектерінің 10 томдық жинағы мен қысқаша өмірбаяндық очеркі таныстырылады. Бұлеңбектер қазақ, орыс, ағылшын, француз, испан, араб және қытай тілдерінде жарық көрді. Бұл — қазақ жерінің даңқты ұлына деген құрметінің, алғысының жәнемойындауының белгісі. Академик Сәтбаев — шын мәнінде тарихи тұлға. Ол ұлттық геология ғылымының негізін қалаушы ғана емес, Қазақстан мемлекетілігі менғылымының қалыптасуында маңызды рөл атқарған адам. Оның еңбектері, ой-пікірлері, азаматтық ұстанымы және Отанына деген адалдығы бүгінгі күнгедейін өзекті болып отыр. Әсіресе, жас ұрпақ Қаныш Имантайұлының кім болғанын, қандай идеяларды алға тартқанын, қандай құндылықтарды қорғағанын білуі керек.Ол тек ғалым ғана емес, ағартушы, стратег, патриот болды, , – деп атап өтті Нұрлан Медетов. Кітапты салтанаттытаныстыру рәсіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қаныш Сәтбаевтың ұлттық және азаматтық қызметін дәріптеуші, ҚР Парламенті Сенатының депутаты,«Халықаралық Сәтбаев қоры» Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантай, Павлодар облыстықмәслихатының төрағасы Илья Теренченко, сондай-ақ Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері, Екібастұздағы шахтерлер әулетінің негізін қалаушы, құрметті азамат РышатӘмренов қатысты.