Торайғыров университетінде "Экономиканы декарбанизациялау: теориядан практикаға" тақырыбында ашық дәріс өтті.

 

 

Дәріскер г.ғ.к., География және туризм кафедрасының профессоры Александр Белый болды.

Дәріс барысында парниктік газдардың антропогендік шығарындылары, олардың экономика мен экожүйеге әсері, сондай-ақ энергетика, көлік, туризм және құрылыс сияқты әртүрлі секторлардағы декарбонизацияның практикалық механизмдері мен кейстері талқыланды. Ұлттық климаттық саясатқа, заңнамалық бастамаларға және төмен көміртекті ауысу жағдайында мамандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Тыңдаушылар 3-4 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар болды.