Университет ғалымдары Омбыдағы өңірдің өнеркәсіптік кешені өнімдерінің экологиялық брендингі технологияларын таныстырды.

 

Ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Омбы ғылыми орталығы Торайғыров университетінің  ғылыми-зерттеу ұжымымен бірлесіп іскерлік кездесу өткізді, онда "Өңірдің өнеркәсіптік кешенінің технологиясын әзірлеу және экологиялық брендингін ілгерілету" жобасын іске асыру бойынша ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды (ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру шеңберінде).

Кездесуде трансшекаралық өңірлерге өндірісті платформалық экологияландыруды масштабтау және экстраполяциялау бағдарламасы бойынша ынтымақтастық бағыттары қарастырылды.

РҒА СБ ОҒО және Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ғалымдарымен бірлесіп ұлттық "жасыл" брендингті ілгерілетудің негізгі критерийлерін әзірледі.  Әзірленген экобрендинг технологияларын сараптамалық бағалау "жасыл" интеграцияның барлық қатысушылары үшін тұрақты өсу, инвестициялық тартымдылық және ESG рейтинг аймақтарын диагностикалауға көмектесті.