Торайғыров университетінде университеттің 65 жылдығына арналған "II мерейтойлық Ф.К. Бойко оқулары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференция аясында энергетика саласындағы жұмысшы мамандықтарын оқытуға арналған оқу-зертханалық кешен ашылды. Кабинеттің өзі студенттерді тәжірибеге бағдарланған оқытуды және энергетика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен және технологиялармен жабдықталған.

Басқарма төрағасы - ToU ректорының м.а. Нұрлан Ержанов кіріспе сөз сөйледі.

Конференцияға энергетика саласындағы жетекші қазақстандық ғалымдар ғана емес, Болгария мен Чехия ғалымдары да қатысты.

Спикерлердің бірі "Еуроазиялық энергетикалық корпорация" АҚ бас директоры Дүйсен Мерғалиев болды.

Сонымен қатар, ғалымдар Ақсу ГРЭС базасында "Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес энергетика саласындағы мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері" тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізді.