Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі, "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасының м.а. Сәкен Қалқамановпен кездесу өтті.


Кездесу барысында энергетика, металлургия, химиялық және агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Қонаққа ЖОО зертханалары, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті және ЖОО археологиялық мұражайы бойынша экскурсия жүргізілді.