Торайғыров университетінде "ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ" атты спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті!

 

Университет ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Ержанов құттықтау сөз сөйледі.

 

- Биылғы жылы біздің спартакиадаға қатысушылар өте көп болды. Бұл университет қызметкерлері арасында салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Жарыстарды ұйымдастыруға қатысқан және әріптестеріне белсенді қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Өткен спартакиада біздің бірлігіміздің, рух күшінің және кемелдікке ұмтылуымыздың символы екеніне еш күмәнім жоқ. Болашақта да университет ұжымы осындай үлгі бере отырып, спортта ғана емес, жұмыста, оқуда, әр күні жеңіске ұмтылуға шабыттандырады деп үміттенемін.

 

Спартакиаданың қола жүлдегерлері гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті болды. Күміс жүлдеге Computer Science факультеті ие болды. Алтын жүлде университеттің жоғары колледжіне бұйырды.

 

Биылғы жылы спартакиадаға университеттің барлық факультеттері мен бөлімшелерінің атынан 64 адам қатысты.

 

Спартакиада бағдарламасына дәстүрлі және ұлттық спорт түрлері кірді: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, асық ату және садақ ату.

 

Айта кетейік, спартакиада профессор-оқытушылар құрамы мен ЖОО қызметкерлері арасында өтті.