Торайғыров университетінде спартакиада аясында студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Оның қорытындысы бойыншы бірінші орынға энергетика факультеті, екінші орынға Computer Science факультетінің командасы ие болды. Үшінші орын инженерия факультетінің жастарына бұйырды.

 

Торайғыров университеті студенттер мен қызметкерлер арасында спортты дамытуды жалғастырып, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысады.